Осындағы бір кафенің қожайыны құқық қорғау органына өз мекемесіндегі орындықтардың қолды болғаны туралы арыз түсірген . Сол кезде кафеде жұмысшылар тобы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Тергеу барысында полицейлер орындықтарды жұмысшылардың бірі жымқырып кеткенін анықтайды. Алайда күдіктінің үйіне келген полицейлер қылмысқа айғақ заттарды таба алған жоқ.
Тергеу нәтижесінде әлгі еркек орындықтарды ұрлағанын, әрі оларды ауылдастарына жалғыз түнде сатып үлгергенін мойындайды.
Орындықтардың иесі шығын мөлшерін 111,5 мың теңгеге бағалап отыр. Ал жұмысшы болса, оларды ауылдастарына әрқайсысын 300-500 теңгеге бағалап сатқан.
Сөйтіп, полицейлерге әр үйден 2-3 орындықтан жинауға тура келді. Баспасөз қызметінің сендіргеніндей, қазір орындықтардың барлығы да табылып, иесіне қайтарылды. Ал тұтқынның үстінен ұрлық жасау дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.