Алматы облысының бір тұрғыны жалғыз түнде 38 орындық ұрлап сатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының бір тұрғыны жалғыз түнде 38 орындық ұрлап сатты

Алматы облысының бір тұрғыны жалғыз түнде 38 орындық ұрлап сатты

Алматы облыстық полициясы бір түнде 38 орындықты ұрлап сатуға қулығы жеткен еркекті ұстады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 411
Фото - Caravan.kz

Осындағы бір кафенің қожайыны құқық қорғау органына өз мекемесіндегі орындықтардың қолды болғаны туралы арыз түсірген . Сол кезде кафеде жұмысшылар тобы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Тергеу барысында полицейлер орындықтарды жұмысшылардың бірі жымқырып кеткенін анықтайды. Алайда күдіктінің үйіне келген полицейлер қылмысқа айғақ заттарды таба алған жоқ.

Тергеу нәтижесінде әлгі еркек орындықтарды ұрлағанын, әрі оларды ауылдастарына жалғыз түнде сатып үлгергенін мойындайды.
Орындықтардың иесі шығын мөлшерін 111,5 мың теңгеге бағалап отыр. Ал жұмысшы болса, оларды ауылдастарына әрқайсысын 300-500 теңгеге бағалап сатқан.
Сөйтіп, полицейлерге әр үйден 2-3 орындықтан жинауға тура келді. Баспасөз қызметінің сендіргеніндей, қазір орындықтардың барлығы да табылып, иесіне қайтарылды. Ал тұтқынның үстінен ұрлық жасау дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар