Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің үкімімен Асхан Мархабайұлы Байдувалиев облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 10 Сәуiр 2015
  • 603
Фото - Caravan.kz

Асхан Мархабайұлы БАЙДУВАЛИЕВ — 1972 жылы туған. Қарағанды медицина институтын және С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің магистратурасын бітірген, мамандығы — дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің урология кафедрасының ассистенті болып бастады. 
Кейін Алматы қаласындағы Қазақстан медициналық университеті урология кафедрасының меңгерушісі, Алматы облысында «Қарасай ауданының емханасы» МКК директоры болып еңбек етті. 
2012 жылдан — «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры.