Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері және Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігімен, ауыл шаруашылығы басқармасымен, Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалымен ирригациялық желілер саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жұмысының орындалуын талқылау бойынша өңір шаруаларымен кездесу өткізді.
Ирригациялық желілердің қызмет саласына жүргізілген мониторинг негізінде 3 ұсыным әзірленген болатын:
1. Барлық суару желілерін оның теңгеріміне бере отырып, Алматы облысының су шаруашылығының бірыңғай операторын құру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келісім бойынша бірыңғай тарифті бекіту және арналарды күтіп ұстау жөніндегі міндеттерді айқындау;
2. Прокуратурамен, Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Департаментімен және облыстың мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп ӘКК қызметінде тексеруге бастамашылық ету;
3. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалымен бірлесіп, оның мүмкіндіктерін талдауды ескере отырып, суармалы су беру бойынша шаруа қожалықтарымен тікелей шарттар жасасуды қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсыныстары негізінде Алматы облысының «Алматы облыстық Су шаруашылығы» коммуналдық кәсіпорны түріндегі бірыңғай Су шаруашылығы операторы құрылды. Оның балансына барлық суару желілері (шамамен 680 км) берілді.
Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы 2023 жылға 1 м3 үшін белгіленген тарифпен 0,7 теңгемен шаруа қожалықтарымен тікелей шарт жасай бастады.
Айта кетейік, бұған дейін Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы мен шаруалар арасында су беретін ауыл шаруашылығы кооперативтері (ӘКК) болған, олар суды шаруаларға 1 гектар үшін 20 000 – 28 000 теңгеге беріп отырған. Бұл орташа есеппен 2 теңгеден м3 үшін асады.