Алматы облысының кәсіпкерлері жұмыссыздарға 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының кәсіпкерлері жұмыссыздарға 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынуда

Алматы облысының кәсіпкерлері жұмыссыздарға 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынуда

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының аясында бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында жұмыс берушілердің жұмыссыздармен кездесуі өтеді.

  • 1 Шiлде 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне жауапкершіліктері шектеулі серіктестер,

атап айтқанда, «Кажымас-Тунцзи Құрылыс компаниясы», «Джейлан Лимитед», «Акденк Лимитед», «Құрылыс Интерпрайзис», «Нұртау-А», «Первый Пивзавод» сияқты компаниялар қатысады.

Кездесуге қатысатын кәсіпкерлер жұмыссыздарға 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынуды жоспарлап отыр.

Бүгін облыстың барлық 19 ауданы мен қаласында еңбекпен қамту орталықтары ашылады. Осы мақсат үшін республикалық бюджеттен 229,2 миллион теңге қаржы бөлініп, 221 штаттық бірлік қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар