Алматы облысының полициясы 16 жасар қыз баланың өлтірілуін ашуға көмек көрсетуін өтінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 538.57
  • 629.48
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының полициясы 16 жасар қыз баланың өлтірілуін ашуға көмек көрсетуін өтінеді

Алматы облысының полициясы 16 жасар қыз баланың өлтірілуін ашуға көмек көрсетуін өтінеді

Алматы облысының ішкі істер департаментінің қылмысты тергеу басқармасы жергілікті халықтан, 20-шы мамырда Қаратал өзенінде табылған 16 жасар қыз баланың өлтірілуін ашуға септігін тигізуін өтінеді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 358
Фото - Caravan.kz

«20-шы мамырда Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінің маңындағы Қаратал өзенінде 1995-ші жылы туылған Ақмарал Әділбекованың зорлап өлтірілген денесі табылды», — делінген облыстық ІІД сейсенбі күні таратқан хабарда.

А. Әділбекованың өлтірілу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысының ІІД тергеу басқармасы осы қылмыстың ашылуына көмегі болатын мәліметтерді білетіндердің барлығына өтініш жасап, Алматы облыстық ІІД-не төменгі телефондармен байланысуын сұрайды: : 8 (7282) 60-80-08, 60-80-46, 60-80-76 немесе 102.

Қылмысты ашуға көмек көрсеткендерге ақшалай сыйақы беріледі.

Перейти к новостям спорта