Алматы облысының Қаратал ауданы балалар еңбегін пайдаланудың көш алдында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының Қаратал ауданы балалар еңбегін пайдаланудың көш алдында тұр

Алматы облысының Қаратал ауданы балалар еңбегін пайдаланудың көш алдында тұр

Балалар еңбегін пайдалану деректері Қаратал ауданында - 676 (егістікте жұмыс), Панфилов ауданында - 539 (жүгеріні өңдеу), Еңбекшіқазақ ауданында - 409 (шылым плантациялары) болса, облыс орталығында ондай фактілердің 27 оқиғасы тіркелген.

  • 16 Маусым 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Балалар еңбегін қанауға жол жоқ!» деген ұранмен Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында өткізілген дөңгелек үстел отырысы барысында Алматы облыстық Балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің директоры Гүлнәр Ермекбаева айтты.

Сұрау жүргізілген балалардың 45 пайызы ата-аналарына көмектескісі келетінін, 27 пайызы өзіне ақша тапқысы келетінін, 20 пайызы қызық үшін жұмысқа барғанын, ал 8 пайызы отбасындағы негізгі ақша табушы екендігін айтты.

Г.Ермекбаеваның мәліметінше, 2008 жылы Ақсу ауданында үш кәмелетке толмаған баланың мектеп табалдырығын аттамағаны анықталды. Бірақ журналда олар бар деп көрсетіліп келген. Тексерістер барысында анықталғаны, олар осы мектептің директорының малын баққан.

Соңғы жаңалықтар