Алматы облысының Қаржы полициясы жалған теңгенің ірі партиясын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының Қаржы полициясы жалған теңгенің ірі партиясын тәркіледі

Алматы облысының Қаржы полициясы жалған теңгенің ірі партиясын тәркіледі

Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаменті жалған ұлттық валютаны таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тоқсауыл қойды.

  • 6 Маусым 2011
  • 600
Фото - Caravan.kz

Облыстық Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру шарасын жүргізу кезінде 10 000 теңгелік номиналды 400 дана ұлттық валютаны «Мерседес-Бенц» көлігіне ауыстыру кезінде екі Қазақстан азаматы құрықталды. Оларға қатысты жалған ақшаны өткізу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген 4 млн. теңге көлеміндегі жалған ақша сапасы жағынан аса жоғары, оның арнайы құрылғысыз анықтау қиын.

Қазіргі уақытта қаржы полицейлері жалған ақшаның жасалатын жерін және оның қайдан келгенін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар