Алматы облысының құтқарушылары суға кеткен 24 жастағы жігіттің денесін іздеп жатыр
Республика аумағында суға кеткендердің саны азаяр емес. Өткен тәулікте тағы бірнеше адам судың құрбаны болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен. |
Қостанай облысында көлде шомылып жүрген жерінде 32 жастағы ер азамат суға кеткен. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Алматы облысының Талдықорған қаласында Қаратал өзеніндегі көпірден суға секірген 24 жастағы жігіт қайта су бетіне көтерілмеген. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оның денесін әлі іздеп жатыр.
Ақтөбе облысында Елек өзеніне 18 жастағы бозбала батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Солтүстік Қазақстан облысында да көлге шомылып жүрген жерінде 16 жастағы жасөспірім су құрбаны болды. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін