Алматы облысының спортшылары Олимпиада 2012-ге қатысуға 10 лицензия ұтып алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының спортшылары Олимпиада 2012-ге қатысуға 10 лицензия ұтып алмақшы

Алматы облысының спортшылары Олимпиада 2012-ге қатысуға 10 лицензия ұтып алмақшы

Алматы облысының спортшылары Лондонда өтетін Олимпиада 2012-ге қатысуға 10 лицензия ұтып алмақшы, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2011
  • 554
Фото - Caravan.kz

«Лицензиялық чемпионаттар мен турнирлерде Лондонда 2012 жылы өтетін ХХХ–шы Олимпиадаға 8-10 лицензия ұтып алуды жоспарлап отырмыз. Бүгінге жоспарланған 10 лицензияның 6-сын жеңіп алдық», — деп облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мұхит Тұрсынбаев жұма күні мәлімдеді.

Мысалы, оның айтуынша, Лондондағы Олимпиадаға лицензияларын грек-рим стиліндегі күрес балуандары Нұрмахан Тыналиев пен Асхат Ділмұхамедов, еркін күрестен Дәурен Жұмағазиев, ауыр атлеткадан Зульфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедова жеңіп алыпты.

«Жоспар бойынша лицензиялық турнирлерде Алматы облысының келесідей спортшылары: грек-рим стиліндегі күрес балуандары Баяхметов Дархан, Әсембеков Марғұлан, садақ тартудан Түкебаева Фрадия мен жеңіл атлетикадан Ганкин Артем, 20 км қашықтыққа спорт әдісімен жүруден Қожахметов Айман мен 3 км кедергімен жүгіруден Косинов Артем лицензияларын жеңіп алады деп күтілуде», — деді М. Тұрсынбаев.

Сочидегі 2014 жылғы Олимпиадаға келсек, оның пікірінше, Алматы облысының спортшыларына да үміт артуға болады. Олардың арасында биатлоншы Елена Хрусталева мен Диас Кенешев, сондай-ақ мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиевтер бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера