Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 5-қыркүйекте Алматы-Астана тас жолының 370-шақырымында Ауди автокөлігіне жүргізілген тінту кезінде көліктің салоны мен жүксалғышынан 101 килограмм марихуана мен 28 килограмм гашиш табылды. Есірткі дорбаларға салыныпты. Олардың арасынан тәртіп сақшылары таразы тауып алды.
Есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен автокөлікте отырған 35 жастағы Шу тұрғыны ұсталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тексерілуде.
Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, шұғыл іздестіру шараларын Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі, көші-қон полициясы басқармасы, есірткі саудасымен күрес басқармасы мен Алматы облыстық ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасы бірлесіп жүзеге асырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті