Алматы облысының тас жолдарында құтқарушылар жүк және жеңіл көліктердің жүргізушілеріне көмекке келді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тас жолдарында құтқарушылар жүк және жеңіл көліктердің жүргізушілеріне көмекке келді

Алматы облысының тас жолдарында құтқарушылар жүк және жеңіл көліктердің жүргізушілеріне көмекке келді

Алматы облысының тас жолдарында құтқарушылар жүк және жеңіл көліктердің жүргізушілеріне көмекке келді,

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 314
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі, 25 желтоқсан күні Алматы облысының Ақсу ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының 371-ші шақырымында ішінде 2 адам отырған жүк көлігінің жарға ауып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің (8 адам мен 2 техника) күшімен ішінде адамдар отырған көлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.

Сол күні «Сарыөзек-Көктал» тас жолының 51-25 шақырымдарында 5 көлік пен 16 адам қар құрсауында қалды. ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің (3 адам мен 1 техника) күшімен ішінде адамдар отырған көлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Бүгін сағат 00:08-де Ақсу ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолында Қапал асуына 2 жүк көлігінің шыға алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-гі «ЖҚЖ» ММ-нің (4 адам мен 1 техника) күшімен ішінде адамдар отырған көлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.