Алматы облысының тауларында қар көшу қаупі күшейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тауларында қар көшу қаупі күшейді

Алматы облысының тауларында қар көшу қаупі күшейді

 

  • 2 Ақпан 2018
  • 324
Фото - Caravan.kz

Алдағы күндері Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, өткен тәулікте еліміздің таулы аймақтарында қар жауған жоқ. Қар бетінде ешқандай өзгеріс болмаған. Таудағы ауа температурасы еліміздің шығысында 10-30 градус суық болса, оңтүсткік-шығыста 3-10 градус аяз болды. Ал оңтүстікте 2-5 градус нөлден төмен көрсеткішті көрсетті. Күндіз +4 градусқа дейін жылынды. Жел мен боранның күшеюі байқалмаған. Сондықтан қар көшкіні қаупі болмады. Бірақ алдағы күндері 3-4 ақпанда Алматы облысында қар жауып, қар көшкіні болуы мүмкін. Сондықтан тауға шығудан бас тарту қажеттілігі ескертілді.