Алматы облысының таулы аудандарында сел жүруі мүмкін- Казгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының таулы аудандарында сел жүруі мүмкін- Казгидромет

Алматы облысының таулы аудандарында сел жүруі мүмкін- Казгидромет

Алдағы тәуліктерде, әсіресе 15-шілдеде Алматы облысының таулы аудандарында күшті нөсер жауып, соның салдарынан су тасқыны болуы, тіпті сел жүруі ықтимал. Бұл туралы бүгін, 14-шілдеде "Казгидромет" РМК ескерту жариялады.

  • 14 Шiлде 2003
  • 478
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы Алматы облыс және қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен «Қазақ селден қорғау» қызметіне адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.

Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар