Алматы облысының Текелі қаласындағы "Қазмырыш" АҚ-ның өндірістік кешенінде жылыжай шаруашылығының бірінші кезегінің құрылысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының Текелі қаласындағы "Қазмырыш" АҚ-ның өндірістік кешенінде жылыжай шаруашылығының бірінші кезегінің құрылысы аяқталды

Алматы облысының Текелі қаласындағы "Қазмырыш" АҚ-ның өндірістік кешенінде жылыжай шаруашылығының бірінші кезегінің құрылысы аяқталды

Алматы облысының Текелі қаласындағы "Қазмырыш" АҚ-ның өндірістік кешенінде жылыжай шаруашылығының бірінші кезегінің құрылысы аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кәсіпорынның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Шiлде 2003
  • 829
Фото - Caravan.kz

Жылыжай шаруашылығын құру- «Қазмырыш» АҚ-ның Текелі кенішінде жұмыссыз қалған адамдарды жұмысқа қамту мақсатымен баламалы кәсіпорындар құру бағдарламасының құрамды бөлігі болып табылады. Кеніштегі полиметалл кенінің түгесілуіне байланысты оны одан әрі пайдаланудың экономикалық тиімділігі шамалы деп табылып Текелі кеніші жабылғанда 1240 адам жұмыссыз қалған болатын.

Жылыжай шаруашылығын иелігіне алған «Зеленый дом» ЖШС-нің директоры Герман Бархатовтың айтуынша, бірінші кезекте жылыжайдың екпе көшет бөлімі пайдалануға беріледі. Қазір мұнда құрал-жабдық орнатылып, автоматты басқару жүйесі іске қосылуда. Кеніштің бұрынғы қызметкерлері қатарынан көкөніс өсірушілер бригадасы жасақталып, жеміс және көкөніс өнімдерін өсіру технологиясы пысықталуда. Сырттан тек агроном мамандар ғана шақырылды.
Жылыжай шаруашылығының қазіргі аумағы 2 гектарды құрайды. Сондай-ақ, жалпы аумағы 4 гектарға жететін жылыжай шаруашылығының екінші кезегін салу мәселесі шешілмекші.
Қазір Текеліде арнаулы жұмыс киімдерін тігу жөніндегі тігін цехы жұмыс істейді. Болашақта «Қазмырыш» АҚ металлургиялық өндірісінің қатты қалдықтарын өңдеу сондай-ақ, табиғи тас өңдеу жөніндегі цехтары мен кептірілген жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін кәсіпорындар ашу межеленген. Олардың барлығында да қазіргі заманғы жабдықтар мен жаңа технологиялар іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар