Алматы облысының тұрғындары 20 жылдан бері лай су ішіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тұрғындары 20 жылдан бері лай су ішіп жүр

Алматы облысының тұрғындары 20 жылдан бері лай су ішіп жүр

Жұрт таудан аққан өзен суын ауызсу ретінде пайдаланады. Бірақ, сол табиғи суды тазартатын қондырғы Тәуелсіздік алғалы бері орнатылмапты. Ал ескі құбырлар шетінен шіри бастаған. Оны алмастыруға жергілікті билік көк тиын жоқ ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр.

  • 1 Тамыз 2015
  • 584
Фото - Caravan.kz

Жандосов ауылы тұрғындарының 25 жылдан бері ішіп отырған суының сиқы осы. Екі күннің бірінде осындай лай жиналады. Таза суға жарымаған тұрғындар шыдамның да шегі бар деп бүгін дау көтерді.

Мәриям Жарболова, Жандосов ауылының тұрғыны:

-Құбыр 76-жылы салынған. Құбыр құмға толған. Үйлерге су бармайды.   Ақшасын қымбаттатып жатыр. Біз ақшасына қарамаймыз. Бізге сапалы су керек.

Сапалы суға жарымай отырған ауылдықтардың үйінде бір емес, су тазартатын екі қондырғы тұрса да тұнық су деген ішу мұңға айналған. Зылиха апа мына қондырғыларын екі күн сайын ауыстырады. Тұрақты тазартып отырмаса, ішіне лезде құм толып кетеді.

Әуресі көп ауызсудың соңғы кезде бағасы да көтерілген. Осыған дейін адам басына 60 теңгеден төлеп келген ауылдықтар үшін енді бір отбасының міндетті төлемақысы 500 теңге. Бар мәселесін жіпке тізгендей жазып, ауыл тұрғындары құзырлы орындарға хат жазған екен. Әзірге олардан хабар жоқ.

Бақыт Тілеубайұлы, Жандосов ауылы әкімінің орынбасары:

-Бұны барлық мемлекеттік орындар біледі. Мемлекеттік қаржы керек. Осыған арналған 430 миллионға сметалық құжат жасалып қойылған. Оған арнайы қаржы бөлініп, бәрі есептеліп, тиісті орындарға сұраныс берілген. Биылғы жылға қарай сол іске енуі керек еді, мемлекеттік қаржы оны жоғары жақ бөледі. Қаржы бөлінбей қалды.

Мұнда су қазандықтары тұр деген аты ғана. Ішіндегі тазарту қондырғылары әбден ескіргендіктен, суды ең болмаса сүзуге жарамайды. Ал бюджеттен 430 миллион теңгенің қашан бөлінетіні тағы белгісіз. Сондықтан, ауыл тұрғындарына әлі бірнеше жыл бойы лас суды ішіп отыруға тура келеді.  

Соңғы жаңалықтар