Алматы облысының тұрғындары карантиннің бірінші күні қалаға кірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тұрғындары карантиннің бірінші күні қалаға кірмек болды

Алматы облысының тұрғындары карантиннің бірінші күні қалаға кірмек болды

Алматы облысының тұрғындары карантиннің алғашқы күні Алтын Орда маңында жиналды.

  • 19 Наурыз 2020
  • 913
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Желіде қаладан шығаберістегі блок-пост маңында облыс тұрғындарының жиналғаны түсірілген видео жарияланды. Видео кадрларынан бірнеше көлік пен ұзын-сонар кезекті көруге болады.

Қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Полицейлердің мәліметінше, видео Алматының шетінде түсірілген.

 

 

"Халыққа карантин жарияланып, қалаға кіру туралы хабарланып, ескертілгенімен олар жалпы нормаға бағынғысы келмей жатыр. Қазір мен осындамын, жағдай тұрақты", — деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар