Алматы облысының тұрғыны Шу алқабында қарасора жинап жүрген жерінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тұрғыны Шу алқабында қарасора жинап жүрген жерінде ұсталды

Алматы облысының тұрғыны Шу алқабында қарасора жинап жүрген жерінде ұсталды

Алматы облысының тұрғыны Шу алқабында қарасора жинап жүрген жерінде ұсталды,

  • 1 Маусым 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Дельта-Долина» ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы Қуат Жапабаевтың айтуынша, Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасынан бес шақырым жерде «Сарғау» учаскесінде Алматы облысының 34 жасар тұрғыны марихуанна дайындап және кептіріп жатқан кезде ұсталды. Одан 455 келі орылған марихуана тәркіленген.

Сезікті анашаны жас кезінен бастап пайдаланатынын және мұнда екі күн бұрын автобуспен келгенін мойындады. Өзімен бірге орақ, қытай қаптарын алып келген. Оны сатып алу үшін ақша керек, анаша қазіргі кезде қымбат деді, сезікті. Оңтүстік астанада «қара базарда» бір килограмм қарасораның бағасы шамамен 100 АҚШ доллары.

«Бұл биылғы жылдағы «Көкнәр-2011» операциясы барысында ұсталған марихуананың ең үлкен көлемі. Мұндай аса үлкен көлем үшін ұсталған адамға 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Өкінішке орай, есірткінің зиянын елдің бәрі біледі, бірақ, түбі өлімге соқтыратын осы әдетке адамдар әуес», деп атап өтті полиция подполковнигі Қ.Жапабаев.

Жыл басынан бері есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері 914 кг. есірткі заттарын тәркілеген, жүзден аса есірткі қылмысын анықтаған, соның ішінде есірткі сатудың 45 дерегін, контрабанданың 6 дерегін анықтаған.

Соңғы жаңалықтар