Caravan Logo

Алматы облысының Ұзынағаш кентінде сауда үйі өртенді

Алматы облысының Ұзынағаш кентінде сауда үйі өртенді

«Ақниет» сауда үйінің екі қабатты ғимаратының шатыры және 2-ші қабаттағы жиһаздар жана бастады.

Өрттің таралуы 10.33-де тоқтатылып, толығымен 11.18-де сөндірілді. Тілсі жау 360 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 24 адамы мен 6 техникасы, ҚР ТЖМ 28237 ә/б-нің 32 адамы жұмылдырылды.