Алматы облысының жалпы өнім көлемінде ШОБ үлесін 50%-ға дейін жеткізу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының жалпы өнім көлемінде ШОБ үлесін 50%-ға дейін жеткізу жоспарлануда

Алматы облысының жалпы өнім көлемінде ШОБ үлесін 50%-ға дейін жеткізу жоспарлануда

Алматы облысының аймақтық жалпы өнімінде (АЖӨ) шағын және орта бизнес үлесі ағымдағы жылы 50%-ға жетеді, деп облыстық кәсіпкерлікті қолдау және өнеркәсіп басқармасының бастығы Төлеген Шойынбеков мәлім етті.

  • 14 Маусым 2011
  • 630
Фото - Caravan.kz

«Тіпті біз былтырғы жыл қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес үлесін 48%-ға дейін жеткізіп, елбасының тапсырмасын орындадық. Сондықтан ағымдағы жылы кәсіпкерліктің табысты дамуын ескере отырып, осы үлесті 50%-ға дейін жеткізу әбден мүмкін», — деді Т. Шойынбеков ҚазТАГ тілшісіне сейсенбі күні.

1-ші мамырға ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 253,9 мың адам болып, ал өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет бағасы Т132,6 млн болып, ол былтырғымен салыстырғанда 3%-ға артыпты.

Т. Шойынбековтың пікірінше, көп жағдайда ол облыс экономикасына жыл сайын салынып отырған инвестицияның артып отыруының арқасында болып отыр. Ал ол өз кезегінде әкімшілік кедергілердің артуынан, салықтық әкімшілдендірудің дұрыс саясаты мен кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламаларды іске асырудың арқасында мүмкін болды.

«Былтыр негізгі капиталға салған инвестиция орасан зор цифр болып, 325 млрд теңгеден асты. Салыстырсақ, соңғы 5 жылда ол 3 еседен астамға өсті», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар