Алматы облысының Жаңа Текес ауылында нөсер жауын салдарынан сел жүрді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының Жаңа Текес ауылында нөсер жауын салдарынан сел жүрді

Алматы облысының Жаңа Текес ауылында нөсер жауын салдарынан сел жүрді

Алматы облысы Райымбек ауданының Жаңа Текес ауылында 21-шілде күні кешкісін нөсер жауын салдарынан қайтадан сел жүрді,- деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметі. Сел екі сағатқа жалғасқан.

  • 22 Шiлде 2003
  • 865
Фото - Caravan.kz

Сел салдарынан Текес-Сарыбастау автожолы бүлініп, жол жабылды. Кабельдік желі қайтадан бүлініп, 34 үйдің бақшалары мен қоршаулары істен шықты.

Ауылда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жаңа Текес ауылында 8-мамырда тағы да сел жүрген болатын. Биіктігі 1,5-2,0 метрге жеткен су тасқыны салдарынан ауылдағы 64 үйдің тең жартысына ақау келді. Көшелер мен аулаларда 1 мертлік тұнба-қорыс пен лай-батпақ түзіліп, Текес-Сарыбастау автожолының 1 шақырымы мен 5 инженерлік қондырғы істен шықты. Кеген-Нарынқол бағытындағы жол жарым-жартылай суға шайылып кетті. 75 гектардағы күздік бидай шайылды. Сел тасқынының негізгі бөлігі жүріп өткен жерде тереңдігі 2,5 метрлік, ені 30 метрлік арна пайда болды.

Соңғы жаңалықтар