Алматы: операцияны енді онлайн арқылы бақылауға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: операцияны  енді онлайн  арқылы бақылауға болады

Алматы: операцияны енді онлайн арқылы бақылауға болады

Медицина саласындағы ең озық технология өз жұмысын Алматы қаласында бастады. Жедел көмек көрсету ауруханасында жасалған операцияны енді онлайн көрсетілім арқылы бақылауға болады.

  • 17 Маусым 2011
  • 503
Фото - Caravan.kz

«Бұл ең әуелі студенттер мен жас мамандар үшін өте қажет» -дейді дәрігерлер. Осы мақсатта аталмыш аурухананың операция жасайтын тоғыз залының алтауы заманауи үлгімен ерекше жарақталған. Яғни онда болып жатқан оперцияларды тікелей көрсетілім арқылы қашықтан көруге болады. Бұндай жүйе хирургтер үшін өте тиімді. Өйткені операция жасау кезінде дәрігерлер қасында көп адамның болғанын қаламайды. Тәжірибеден өтуші студенттер де ол жерге кірмегені жөн. Осының барлығын ескере келе, бұл аурухана — операция залынан тікелей көрсетілімді іске қосып отырған еліміз бойынша алғашқы мекеме.  «Бастапқы нәтижесі жаман емес», — дейді дәрігерлер.


Рашид Сүлейменов, Алматы қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жан сақтау бөлімінің меңгерушісі:

— Бұл енді жаңа технологияның арқасында болған дүние. Бұрын бұндай технологиялық жетістіктер болмаған. Енді,құдайға шүкір, біздің ауруханада техникалық жетістіктер бар. Соның арқасында күрделі операциялар жасалады, жас мамандарға үлкен дәріс бере аламыз.

Соңғы жаңалықтар