Бас қосу Елбасының 2004-жылдың 13-қаңтарында бекітілген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру және Қазақстандағы Ресей жылын өткізу шараларының аясында ұйымдастырылып отыр.
Жиынға Ресей, Франция, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстандық ғалымдар мен тарихшы-мамандар қатысуда.
Конференцияны ұйымдастыруда Алматы мен қала өңірінің даму барысын тарихи, географиялық, саяси және экономикалық тұрғыдан жан-жақты суреттеу, сондай-ақ, қаланың пайда болу мерзімін нақты анықтау үшін аталмыш тақырыпты зерттеуге Қазақстан мен басқа да елдердің ғалымдарын кеңінен жұмылдыру мақсаты көзделген.
Сондай-ақ, Алматының мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесін құру да конференцияның міндеті болмақ.
Бас қосудың тағы бір ерекшелігі сол, Орталық Азия аймағының тарихын зерттеуші ғалымдар мен мамандар Алматыдағы ірі жоғары оқу орындарында көшпелі дәрістер мен семинарлар өткізеді.