"Алматы- өркениеттер түйіскен қала : өткен және қазіргі тарих, келешек" тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Алматыда басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алматы- өркениеттер түйіскен қала : өткен және қазіргі тарих, келешек" тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Алматыда басталды

"Алматы- өркениеттер түйіскен қала : өткен және қазіргі тарих, келешек" тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Алматыда басталды

Бүгін, 6-сәуірде оңтүстік астанада "Алматы- өркениеттер түйіскен қала : өткен және қазіргі тарих, келешек" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 554
Фото - Caravan.kz

Бас қосу Елбасының 2004-жылдың 13-қаңтарында бекітілген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын жүзеге асыру және Қазақстандағы Ресей жылын өткізу шараларының аясында ұйымдастырылып отыр.

Жиынға Ресей, Франция, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстандық ғалымдар мен тарихшы-мамандар қатысуда.
Конференцияны ұйымдастыруда Алматы мен қала өңірінің даму барысын тарихи, географиялық, саяси және экономикалық тұрғыдан жан-жақты суреттеу, сондай-ақ, қаланың пайда болу мерзімін нақты анықтау үшін аталмыш тақырыпты зерттеуге Қазақстан мен басқа да елдердің ғалымдарын кеңінен жұмылдыру мақсаты көзделген.
Сондай-ақ, Алматының мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесін құру да конференцияның міндеті болмақ.
Бас қосудың тағы бір ерекшелігі сол, Орталық Азия аймағының тарихын зерттеуші ғалымдар мен мамандар Алматыдағы ірі жоғары оқу орындарында көшпелі дәрістер мен семинарлар өткізеді.

Соңғы жаңалықтар