Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматының спорттық нысандары дирекциясы жанкүйерлерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
«Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі», — делінген хабарламада.
Дирекция сонымен бірге жанкүйерлердің жайлылығы, әсіресе, осындай маңызды матчтарда аса маңызды екенін атап өтті.
«Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз».Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясы