Алматы полицейлері жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін ауқымды шара жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полицейлері жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін ауқымды  шара жүргізуде

Алматы полицейлері жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін ауқымды шара жүргізуде

АЛМАТЫ. 17 қараша. Kazakhstan Today. Алматы полицейлері жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін ауқымды шара жүргізуде,-деп хабаралайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

  • 17 Қараша 2006
  • 371
Фото - Caravan.kz

Қарашаның 17 мен 19 үш тәулік аралығында алматылық полицейлер жол ережесін өрескел бұзушыларды анықтау, автокөліктік қылмыс пен мас күйінде көлік жүргізгендерді анықтауға ірі көлемді шара жүргізуде,-дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция мәліметтерінше, өткен тәуліктің өзінде қалада мас күйінде көлік жүргізген 112 адам анықталған. 1967 көлік тексеріліп, 162 жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. Олардың 24-і жылдамдықты көтеруге қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта