Алматы полициясы 2025 жылы жарты тоннадан астам есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы 2025 жылы жарты тоннадан астам есірткі тәркіледі

Алматы полициясы 2025 жылы жарты тоннадан астам есірткі тәркіледі

Қала аумағында 2025 жылдың қорытындысы бойынша есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты 600-ден астам дерек анықталды

  • 11 Ақпан
  • 2
Фото: Алматы полициясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, анықталған 280-нен астам дерек тікелей есірткі сату фактілеріне қатысты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Тәркіленген заттардың басым бөлігін каннабиоидты топтағы есірткілер, сондай-ақ жастар үшін ерекше қауіпті синтетикалық заттар болып шықты.

Сонымен қатар полиция фитозертханаларды анықтауға ерекше назар аударылғанын мәлімдеді. 2025 жылы қала аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 17 фактісінің жолы кесілді.

– Бұл заңсыз бизнес өкілдерінің қызметін жасырын әрі жақсы бүркемеленген нысандарға көшіруге тырысатынын аңғартады, — делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, қазір есірткі қылмысы цифрлық технологияларды – мессенджерлерді, онлайн-платформаларды және байланыссыз сату тәсілдерін кеңінен қолданып жатыр. Осыған байланысты есірткіге қарсы күрес киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерімен бірлесіп жүргізіледі.