«Әлгілер Алматы тұрғынын күшпен қала сыртына алып шығып, Жамбыл ауданы Фабричный ауылындағы жеке меншік үйдің жертөлесінде бір тәулік бойы қамап қойған»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тәртіп сақшыларның ақпаратына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының 36 жастағы тұрғыны мен бір құрылыс компаниясының директоры болып істейтін 52 жастағы әйел сыбайласы кепілге алынған адамды соққыға жығу арқылы одан 1 мың АҚШ долларын алмақ болған. Жігіт оларға аталған ақшаны беруге уәде беріп, бостандыққа шыға сала полициядан көмек сұрай келген.
Күдіктілер ұсталып, олардың үстінен адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру жөнінде екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қабырғалары сынып, жарақаттанған жәбірленуші қалалық 4-ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті