Шетел азаматтары Медеу ауданында ұсталды. Тексеру барысында, Қазақстан аумағына олардың визасыз енгені анықталды. Пәкістан азаматтары Алматыда тұратын Қырғызстан тумасының жеке меншік көлігімен келеді. Шетелдіктердің көздеген басты мақсаты — Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне өтіп кету болған.
Қазіргі таңда оларға қатысты құжаттар жиналып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 330-бабына сәйкес («Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту») екі қылмыстық із қозғалды. Ал заң бұзушыларды шекара арқылы өткізген Алматының тұрғыны ҚР ҚК 330-бабы, 2-тармағымен көзделген «заңсыз коші-қонды ұйымдастыру» қылмысы үшін жауап беретін болады.
Жалпы алғанда соңғы апта ішінде көші-қон басқармасының қызметкерлері 126 заң бұзушылықты анықтады, оның 33-ін — алыс шетел азаматтары жасаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті