Полицияның ақпаратына сәйкес, төрт адамнан құралған топ Алматы мен Алматы облысының Іле ауданындағы кеңселерге тонаушылық жасап келген. Тергеушілердің пікірінше, бұл топ компьютерлер, мониторлар мен копирлерді тонауға қатысты 12 оқиғаға атсалысқан. Олардың «Аймақтық электр желілері» АҚ, «Бент» АҚ, «Гамма-С», «Қазақтелеком» АҚ-ның бөлімшелерін тонауға қатысы бар көрінеді.
Сонымен бірге тәртіп сақшылары ұрланған техниканы сату жолдарын анықтады. Олжаны олар компьютерлерді жөндеп сатумен шұғылданатын жеке адамдарға өткізіп отырған.
Қазір тәртіп сақшылары қаскүнемдердің күзеттегі кәсіпорындардың ғимаратына қалай кіріп, тонаушылық әрекетті қалай жүзеге асырып келгенін анықтау үстінде.