Алматы полициясы кезекті алаяқты тұтқындады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы кезекті алаяқты тұтқындады

Алматы полициясы кезекті алаяқты тұтқындады

Алматы полициясы кезекті алаяқты қолға түсірді, - деп хабарлайды Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінен.

  • 21 Қазан 2015
  • 572
Фото - Caravan.kz


Тергеу деректеріне сәйкес, 42 жастағы Ақмарал Оңғарбаева адамдардың сенімін кіріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана аларда оларға белгілі бір жеңілдіктер алуға көмектесетіндігін айтып, қылмыстық жолмен олардың ақшаларын қалтаға басып отырған. 

«Біздің бөлімшенің тергеу бөлімінің өндірісінде Оңғарбаеваға қатысты сегіз қылмыстық іс тергелуде. Бүгін осы әйелдің алдауына түскен тағы бір азамат анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар процессуалдық шаралар жүзеге асырылып жатыр. Солардың қорытындысы бойынша азаматша Оңғарбаеваның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдардың нақты саны белгілі болады. Оңғарбаеваны таныған таныған адамдарға біз байланыс телефондарын ұсынамыз. Осы нөмірлер бойынша іске қатысты деректерді хабарлауға  болады. Телефондар: 298-53-72 және 298-53-70 -, — деді Алматы қ. Әуезов аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы, подполковник Мұрат Қаспақбаев.