Алматы полициясы "Хан Тәңірі" мейрамханасының директорын өлтіру оқиғасының куәгерлерінен көмек сұрауда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы "Хан Тәңірі" мейрамханасының директорын өлтіру оқиғасының куәгерлерінен көмек сұрауда

Алматы полициясы "Хан Тәңірі" мейрамханасының директорын өлтіру оқиғасының куәгерлерінен көмек сұрауда

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полициясы "Хан Тәңірі" мейрамханасының директорын өлтіру оқиғасының куәгерлерінен көмек сұрауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Қазан 2008
  • 704
Фото - Caravan.kz

«4 қазанда сағат 15.12-де Жамбыл мен Шагабутдинов көшелерінің қиылысында «Хан Тәңірі» мейрамханасының жанында «Тойота Ленд Крузер -100″ автокөлігінің ішінде отырған ер адамды өлтіріп ктеті», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Алматы қалалық ІІД Жамбыл мен Шагабутдинов көшелерінің қиылысы маңынан сағат 11.00 мен 15.15 аралығында жаяу немесе көлікпен жүріп өткен азаматтардан осы оқиғаның куәгері болған, атап айтсақ, күдікті көлікті немесе адамдарды көрген адамдар болса, полицияға хабарлауды сұраймыз. Ақпараттың құпиялығына кепілдік беріледі», — деп хабарлайды полиция.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте «Хан Тәңірі» мейрамханасының директоры тапсырыспен өлтірілген», деп мәлім етті.

«Қазір тергеу бірнеше жорамал жасап отыр, соның ішінде тапсырыспен кісі өлтіру белгілері де бар», — деді Б. Қожахметов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4 қазанда Алматыда «Хан Тәңірі» мейрамханасының директоры өлтірілді. Ақпарат көзінің хабарлауынша, ол түстен кейін Жамбыл мен Шагабутдинов көшелерінің қиылысында орналасқан Night Star мейрамханасынан шығып, өз көлігіне отырған. «Осы сәтте белгісіз біреу көліктің оң жақ артқы есігін ашып, Макаров тапаншасынан бір оқ атқан. Соның салдарынан басынан жарақаттанған мейрамхана директоры оқиға орнында қаза тапты», -деп хабарлады ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар