Алматы полициясы мейрамхана маңында оқ атқандарды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы мейрамхана маңында оқ атқандарды ұстады

Алматы полициясы мейрамхана маңында оқ атқандарды ұстады

Алматы полициясы мейрамхана маңында оқ атқандарды ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz


Оқиға Алмалы ауданында Наурызбай мен Жамбыл көшелерінің қиылысында желтоқсанның 11-нен 12-сіне қараған түні орын алған.

Жанжалдасқан екеудің бірі екіншісіне қарата оқ атқан. Салдарынан екінші адам жеңіл жараланды. Алайда, ауруханаға жатудан бас тартты.

«Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша бұзақылық ретінде бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Күдіктілер ұсталды. Тіпті кезенген қару еш жерде тіркелмеген болып шықты. Сот-баллистикалық сараптама нәтижесінде бұл қару кімге тиесілі екендігі әрі басқа қылмыстарға қатыстылығы анықтала жатады», — деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар