Алматы полициясы мектептерде мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы мектептерде мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды

Алматы полициясы мектептерде мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды

Алматы полициясы қала мектептерінде арнайы мамандандырылған күзет қызметін енгізуді ұсынды.

  • 28 Қараша 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы полиция департаментінің қаладағы мектеп директорларымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент ұсынған деректерге сәйкес, қаладағы 205 мектептің 16-сында ғана арнайы күзет құрылымымен келісімшарт жасалған. Қалған мектептерде бұл функцияны қарауыл мен вахтерлер атқарады.

Көбіне егде жастағы кісілер түрлі құқықбұзушылыққа қарсылық көрсетуге қауқарсыз.

«Білім мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі — бүгінде өзекті мәселелердің бірі. ҚР ІІМ биыл қаңтарда орта білім және мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі видеобақылау жүйесіне арнайы стандарттар мен талаптар шығарған болатын. Бұл талаптар ҚР БҒМ тарапынан да бекітілді. Видеобақылау жүйесі кабинеттердегі, мектепке жақын территориядағы ахуалды толық бағалауға, адамдардың сұлбасы мен бет-жүзін ажыратуға мүмкіндік беруі тиіс. Өкінішке қарай, барлық мектептердегі бақылау жүйесі талапқа сай келе бермейді. Бүгінде Алматыдағы 201 жалпы білім беретін нысанда 2 858 камера орнатылған. Әр мектепте орта есеппен 8 камера орнатылған. Көбіне бұл камералар фойеде тұр. Сырттағы камералар мектеп маңында не болып жатқанын толық көрсете алмайды», — деді жиында Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев.

Айта кету керек, Алматыда білім басқармасы Тараздағы оқушыны зорлау дерегінен соң мектептердегі әжетхана мәселесін қолға алған болатын.


Басқарма басшысы Гүлнар Қожабергенова 1-1,5 жыл ішінде қаладағы 3 мектептің санитарлық торабы ішке енгізілетінін айтып, уәде берді.

 

Соңғы жаңалықтар