Алматы полициясы мұғалімнің балаларды ұруы фактісін тергеуде (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы мұғалімнің балаларды ұруы фактісін тергеуде (ВИДЕО)

Алматы полициясы мұғалімнің балаларды ұруы фактісін тергеуде (ВИДЕО)

Алматы полициясы балаларды ұрған педагогті қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

  • 30 Қараша 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz

26 қарашада бұл факті ҚР ҚР 2-бөлімі 140-бабымен (педагогтың немесе басқа қызметкердің кәмелетке толмағанға қаталдықпен қарауға ұласқан кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше атқармауы) сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ол бойынша өндірісті Түркісіб ауданы ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі жүзеге асырады.

Тергеудің қазіргі кезеңінде бұл оқиға 25 қарашада Алматының Түркісіб ауданында орналасқан жалпы білім  беру мекемесінде орын алғаны анықталды. Бейнекадрларда 22 жастағы мұғалімнің құқыққа қарсы әрекеттері бейнеленген.

Болған оқиға жөнінде полицияға ешкім хабарлаған жоқ, оқушылардың ата-аналарынан өтініштер түспеген. Ішкі істер департаменті 28 қарашада Интернет желісінде пайда болған бейнежазбаға жедел үн қатты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдады.


Бұл факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, жақында Желіде мұғалім сынып оқушыларының көзінше төрт оқушыны ұрып жатқаны туралы бейнежазба пайда болды.  

Соңғы жаңалықтар