Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты істі тергеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты істі тергеп жатыр

Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты істі тергеп жатыр

 

  • 23 Қаңтар 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым оқырманы оқушының өлімі туралы ақпаратты айтып, редакцияға жүгінген. Оның сөзінше, жасөспірім Алатау ауданындағы дүкендердің бірінде өлтірілген. Полицейлер жақын маңдағы үй тұрғындарынан жауап алған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдеді.


"Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр", — деген ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар