Жарияланды: 510

Алматы полициясы қаланың әртүрлі мекемелерінен тәркілеген 700 ойын автоматтарын жойды

Жұма күні қала полициясы қаланың әр түрлі мекемелерінде заңсыз жұмыс істеп тұрған 700-дей ойын автоматтарын жойды.

«Бүгін қаладағы қоқыс тастайтын жерде екі трактормен қаладағы жасырын мекемелерде заңсыз жұмыс істеп тұрған 700 ойын автоматы жойылды», - деп Алматының ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастық орынбасары Бақыт Балғымбаев мәлім етті. Оның айтуынша, жойылған аппараттардың әр қайсысының құны шамамен $5-10 мың екен. «Ойынханаларды анықтау бойынша арнайы топтар құрылуы арқасында қалада 413 заңсыз ойынханалардың жасырын жұмысы әшкереленіп, 3 мыңнан астам ойын автоматы тәркіленді», - деді полиция өкілі. Ол заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғаса береді деді. «Рейд кезінде алынған ойын автоматтары қайта айналымға түспеуі үшін міндетті түрде жойылады. Ал заңды бұзуға тырысқандар жауапкершілікке тартылады», - деп ескертті ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін