Алматы полициясы қаланың әртүрлі мекемелерінен тәркілеген 700 ойын автоматтарын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы қаланың әртүрлі мекемелерінен тәркілеген 700 ойын автоматтарын жойды

Алматы полициясы қаланың әртүрлі мекемелерінен тәркілеген 700 ойын автоматтарын жойды

Жұма күні қала полициясы қаланың әр түрлі мекемелерінде заңсыз жұмыс істеп тұрған 700-дей ойын автоматтарын жойды.

  • 2 Шiлде 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Бүгін қаладағы қоқыс тастайтын жерде екі трактормен қаладағы жасырын мекемелерде заңсыз жұмыс істеп тұрған 700 ойын автоматы жойылды», — деп Алматының ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастық орынбасары Бақыт Балғымбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, жойылған аппараттардың әр қайсысының құны шамамен $5-10 мың екен.

«Ойынханаларды анықтау бойынша арнайы топтар құрылуы арқасында қалада 413 заңсыз ойынханалардың жасырын жұмысы әшкереленіп, 3 мыңнан астам ойын автоматы тәркіленді», — деді полиция өкілі.

Ол заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғаса береді деді. «Рейд кезінде алынған ойын автоматтары қайта айналымға түспеуі үшін міндетті түрде жойылады. Ал заңды бұзуға тырысқандар жауапкершілікке тартылады», — деп ескертті ол.

Соңғы жаңалықтар