Алматы полициясы "Құқық және тәртіп" атты алдын алу іс-шараларын өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы "Құқық және тәртіп" атты алдын алу іс-шараларын өткізуде

Алматы полициясы "Құқық және тәртіп" атты алдын алу іс-шараларын өткізуде

АЛМАТЫ. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы полициясы 10-13 желтоқсан аралығында "Құқық және тәртіп" атты жедел-алдын алу шарасын өткізуде деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіне калалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 11 Желтоқсан 2006
  • 463
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің хабарламасында аталған іс-шара «қаладағы ахуалды сауықтыру, ушыққан жағдайда дер кезінде әрекет ету, қала көшелері мен қоғамдық орындарда қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында» жүргізілетіні айтылған.

Жедел-алдын алу шаралары аясында заңсыз әрекет етумен айналысып жүрген тұлғаларды анықтау мақсатында базарлар мен сауда орындары, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартатын кәсіпорындар мен ұйымдар тексерілмек. Сондай-ақ, іс-шараның мақсаты — жезөкшелік пен жеңгетайлық деректерін анықтау, жастар шоғырланған ортаға есірткі заттарының кіру жолдарын жою болып табылады.

Полиция мәліметтері бойынша іс-шара жүргізілген бірінші тәулікте 397 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, іздеуде жүрген бес қылмыскер құрықталған. Тоғыз есірткі заттарын сақтау және өткізу деректері тіркелген. 32 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді.

Перейти к новостям спорта