Алматы полициясы сауда орталығында болған жаппай төбелес фактісі бойынша тергеу амалдарын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы сауда орталығында болған жаппай төбелес фактісі бойынша тергеу амалдарын бастады

Алматы полициясы сауда орталығында болған жаппай төбелес фактісі бойынша тергеу амалдарын бастады

Алматыдағы сауда орталықтардың бірінде бір топ жігіттің төбелесіп жатқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

  • 20 Қазан 2015
  • 393
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық ішкі істер департаменті ондағы заңға қайшы фактіні тексеруге кірісті. 

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Оқиғаның қай жерде болғаны бірден анықталды. Бұл — Алматыдағы сауда-ойын-сауық  орталықтарының бірі. Төбелес фактісі 18 қазан күні түнгі уақытта орын алған. Аталған мекеменің екінші қабатындағы дәмхана күзетшілері мен олардың таныстары төбелескені анықталды.

Сауда үйінің қауіпсіздік қызметінің берген түсініктемелеріне қарағанда, жанжал олардың өз күшімен бірнеше минуттан кейін тыныштандырылған. Осыған байланысты оқиға туралы полицияға хабарланған жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот алды тергеу амалдары басталды. Тергеу болған оқиғаны бұзақылыққа (ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімі) жатқызып отыр. ІІБ-ның жедел бөлімшелері төбелеске қатысқан барлық адамдардың есімдерін анықтады. Одан кейін өндіріс барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп хабарлады Бостандық ауданы ІІБ-ның бастығы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков. 


Соңғы жаңалықтар