Алматы полициясының қабіршілерді не үшін қамауға алғаны мәлім болды - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясының қабіршілерді не үшін қамауға алғаны мәлім болды - видео

Алматы полициясының қабіршілерді не үшін қамауға алғаны мәлім болды - видео

Қазір бірнеше қызметкеріне қатысты тергеу басталды. 

  • 21 Шiлде 2020
  • 215
Фото - Caravan.kz

Полицияға сегіз адам хабарласып, зират жұмысшыларына қатысты ресми мәлімдемелер жасады, – деп хабарлайды Caravan.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өтініш білдіргендердің айтуынша, олар жерлеу қызметтері үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болған, оларды белгіленген құнға қосымша 70-тен 80 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр еткен.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың, сондай-ақ, ІІМ басшылығы тапсырмасын орындау мақсатында, белгіленген мөлшерден басқа, марқұмның туыстарынан қайтыс болған адамдарды жерлеу қызметі үшін қосымша қаражат алудың заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін арнайы тергеу-жедел топтары құрылды. Түбіртектер берілмеген, ақшаны зират кәсіпорнының қызметкерлері заңсыз пайдаланған. Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретті бастан кешіргендер тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындаған екі азаматты анықтап, қамауға алды. Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, содан кейін, әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде заңсыз бопсалаудың алдын алу үшін басқа жерлеу орындары да тексеріледі.
 


 

Соңғы жаңалықтар