Алматы прокуратурасы «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерін экстремистік деп тану және олардың қызметіне тыйым салу туралы талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы прокуратурасы «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерін экстремистік деп тану және олардың қызметіне тыйым салу туралы талап етті

Алматы прокуратурасы «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерін экстремистік деп тану және олардың қызметіне тыйым салу туралы талап етті

Алматы қаласының прокуратурасы кеше, 20 қарашада тіркелмеген «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерін экстремистік деп тану және олардың қызметіне Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салу туралы; талаптармен және арыздармен сотқа жүгінді.

  • 21 Қараша 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Козлов пен басқаларға қатысты заңды күшіне енген сот үкімімен тіркелмеген «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі экстремистік сипатта болғандығы анықталды»,-деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, «Алға» және «Халық майданы» мүшелері тарапынан ереуілге шыққан мұнайшыларға үндеулер мен басқа да баспа өнімдері таратылған, сондай-ақ олардың алдында сөйлеген сөздерінде әлеуметтік араздықты қоздырған және билікті күштеп құлатуға шақырған.

Соңғы жаңалықтар