Прокуратураның түсініктемесіне сәйкес, газеттің бүгін, 3-қарашада шыққан санында «Қазақстан президенттігінен үміткер адамның ар-ұжданы мен беделіне көлеңке түсіретін көпе-көрнеу жалған ақпараттары бар материалдар басылған».
Газет қожайыны «Жұмаш-Көкбөрі» ЖШС-нің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалып, ол Алматы қалалық арнаулы ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Прокуратура осы орайда саяси партиялар, үміткерлер немесе олардың іс-қызметі хақында олардың беделі мен ар-ұжданына нұқсан келтіретін жалған ақпараттарды қасақана таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелетінін еске салады.
«Осы тектес заңсыз әрекеттер қайталанған жағдайда құқық қорғау мекемелері БАҚ іс-қызметін тоқтатуға дейін заңда көрсетілген шаралардың бәрін қолданатын болады»,- делінген хабарламада.