Алматы прокуратурасының айыптаған оппозициялық БАҚ тізімінде Google, Facebook және Twitter де бар екен - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы прокуратурасының айыптаған оппозициялық БАҚ тізімінде Google, Facebook және  Twitter де бар екен

Алматы прокуратурасының айыптаған оппозициялық БАҚ тізімінде Google, Facebook және Twitter де бар екен

Google, Facebook, Twitter және LiveJournal нтернет-ресурстары да Алматы прокуратурасының опппозициялық БАҚ-ын жабу туралы қойылған талабының тізімінде бар боп шықты.

  • 23 Қараша 2012
  • 372
Фото - Caravan.kz


«Google компаниясы — жауапкер ретінде. «Білмеймін, олар тағылған айып жөнінде біле ме, жоқ па, бірақ оны сотқа берді, енді олар бұл айыпқа жауап беруі керек», — деп мәлімдеді 23 қараша, жұма күні Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында «Республика» басылымының заңгері Сергей Уткин.
Сондай-ақ ол жиналғандарға прокуратураның талабы жазылған көшірмені көрсетті. Көшірмеде интернет-порталдар Facebook, Twitter және LiveJournal, сонымен қатар «Республика» газетінің парағы көрсетілген.
Естеріңізге сала кетсек, Ссрсенбі күні Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Алматы прокурорларының 8 газет пен 23 интернет-басылымды, «Республика» және «Взгляд» басылымдары мен олардың интернет-ресурстарын, шетелдік К+ және StanKZ телеарналарын жабу туралы шағым түсіргенін хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, аталған шағымдар әлеуметтік алауыздық тудырып, билікті күштеп құлатуға шақырды және ұйымдасқан қылмыстық топ құру ісіне жетекшілік етті деп айыпталған «Алға» партиясы жетекшісі Владимир Козлов, Серік Сапарғали мен Ақжанат Әминовке қатысты сот үкімінің күшіне енуіне байланысты жазылып отыр.

Ал, бейсенбі күні Медеу аудандық соты «Республика» басылымын тоқтату туралы ұйғарымын жариялаған.

Интернет-ресурсы Google, Facebook, Twitter и LiveJournal числятся в списке ответчиков по иску прокуратуры Алматы о закрытии ряда казахстанских оппозиционных СМИ.
«Компания Google — она ответчик. Не знаю, как они знают об этом или не знают, но их судят, они должны свой отзыв предоставить на этот иск», — сообщил в пятницу на пресс-конференции в Алматы юрист Сергей Уткин, представляющий интересы газеты «Республика».
Он также продемонстрировал копию искового заявления прокуратуры, где в числе ответчиков значатся также интернет-порталы Facebook, Twitter и LiveJournal, где также есть странички газеты «Республика».