Алматы прокурорының орынбасары қала орталығындағы жарылысқа қатысы бар күдіктіні қамауға алуға санкция берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы прокурорының орынбасары қала орталығындағы  жарылысқа қатысы бар күдіктіні қамауға алуға санкция берді

Алматы прокурорының орынбасары қала орталығындағы жарылысқа қатысы бар күдіктіні қамауға алуға санкция берді

15-мамырда Алматы прокурорының орынбасары Нұрмұхамбет Исаев қала орталығындағы жарылысқа қатысы бар күдікті ретінде ҚР еңбек сіңірген бокс жаттықтырушысы Серік Қалиевті қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне күдіктінің адвокаты Серік Сәрсенов хабарлады.

  • 17 Мамыр 2004
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Мұндай айып жүктеуге жеткілікті дәлел жоқ, сол себепті прокурордың орынбасары 10 күнге, яғни, 22-мамырға дейін қамауға алуға пәрмен берді. Алматы қалалық ІІББ-ның тергеушілері осы мерзімде менің қорғауымдағы азаматтың аталмыш қылмысқа қатыстылығына дәлелдер жинауы тиіс»,- деді С.Сәрсенов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 12-мамырында 15 сағат 58 минутта Алматы қалалық ІІББ-ның оперативтік басқару орталығына 02 телефоны бойынша Желтоқсан және Гоголь көшелері қиылысқан жерде жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына Алматы қалалық ІІББ-ның басшылығы, ҚР ҰҚК-нің Алматы қалалық департаментінің өкілдері, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қызметкерлері, ІІББ мен Алмалы ауландық ІІБ-ның опертивтік-тергеу топтары келіп жетті.
Желтоқсан көшесінің бойындағы №96 үйге кіре беріс жердегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жиегінде жәбірленуші — 1974-жылы Ақмола облысында туған Михаил Нартов есімді жігіт табылды. Жарылыс салдарынан ауыр жарақаттанған ол көп жерінен күйік алып, іші жарылып, оң қолы үзілген екен. М.Нартов жедел жәрдем ауруханасына жеткізер жолда жарақат салдарынан қайтыс болды.
Оқиға орнынан «ТТ» маралы тапанша, киім жыртықтары, «Сименс» маркалы сынған ұялы телефон, шамамен 20-30 мың рубль көлемінде РФ Орталық банкінің 500 және 1000 рубльдік қағаз ақшалары табылды.
Оқиға желісімен жеткен шұғыл ақпарат бойынша жарылыс болған сәтте оқиға орнынан қара түсті «Мерседес» маркалы автокөліктің тұра жөнелгені белгілі болды. Осыған байланысты қалада «Перехват» жоспары жарияланды. Жол полициясы қызметкерлері мен ІІББ-ның шұғыл әрекет етуші арнаулы отряды көлікті Әл-Фараби даңғылы мен Водозаборная көшелерінің қиылысында ұстап алды. Көлікте жүргізуші Андрей Песков пен С.Қалиев отырған. Сол күні С.Қалиев М.Нартовтың өліміне қатысы бар күдікті ретінде қамауға алынды.
Қазіргі жағдаймен жарылыс дерегі бойынша Алматы қалалық ІІББ-ның тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында шұғыл іздестіру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар