Алматы қалалық әкімшілігі 20 млн. долларға муниципалдық облигациялар шығару жөнінде ҚР қаржы министрлігіне сұрау салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық әкімшілігі 20 млн. долларға муниципалдық облигациялар шығару жөнінде ҚР қаржы министрлігіне сұрау салды

Алматы қалалық әкімшілігі 20 млн. долларға муниципалдық облигациялар шығару жөнінде ҚР қаржы министрлігіне сұрау салды

Алматы қалалық әкімшілігі 20 млн. долларға муниципалдық облигациялар шығаруға рұқсат беру жөнінде ҚР қаржы министрлігіне өтініш жолдады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов оңтүстік астананың Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде хабарлады. Бұл қаржы ипотекалық несие беру жүйесін пайдалану арқылы тұрғын үй салуға арналған қалалық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталады.

  • 31 Қазан 2003
  • 438
Фото - Caravan.kz

В.Храпуновтың хабарлауынша, 2004-жылы Алматыдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді құлатып, жаңасын салуға бағытталған пилоттық жоба жүзеге асырылады. Атап айтсақ, Түрксіб ауданындағы өртеніп кеткен бір үйдің орнына көп пәтерлі тұрғын үй салу жөнінде шешім қабылданған. Әкімнің айтуынша, Алматыдағы жаңартылуы тиіс тұрғын үйлердің жалпы иемденетін ауқымы 2,3 млн. шаршы метрді құрайды.

2004-жылы қаладағы ықшам аудандардың басым көпшілігінің негізін құрайтын панель үйлердің ескіру деңгейін анықтау жұмыстары басталады. Осындай үйлердің бірін сейсмолог мамандар жер сілкінісіне төтеп беру қабілетіне қарай тексеріп көрмекші. Зерттеу нәтижесіне байланысты осындай үлгідегі үйлерді бұзу немесе оларды реконструкциялау жөнінде шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар