Алматы қалалық әкімшілігі Depfa-bankке вексель бойынша мерзімі өтіп кеткен берешекті өтеуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық әкімшілігі Depfa-bankке вексель бойынша мерзімі өтіп кеткен берешекті өтеуге дайын

Алматы қалалық әкімшілігі Depfa-bankке вексель бойынша мерзімі өтіп кеткен берешекті өтеуге дайын

АЛМАТЫ. 4-шілде. Kazakhstan Today. Алматы қалалық әкімшілігі Depfa-bankке вексель бойынша 15 млн. доллар көлеміндегі мерзімі өтіп кеткен берешекті өтеуге дайын. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қала әкімі ИманғалиТасмағамбетов хабарлады.

  • 4 Шiлде 2006
  • 486
Фото - Caravan.kz

“Біз Depfa-bankтің сотқа шағым бергенін білеміз. Бұл олардың дербес құқығы. Біздің де қаланың мүддесін, бірінші кезекте қала бюджетінің мүддесін қорғауға құқығымыз бар”,-деді И.Тасмағамбетов. “Мәселенің мән-жайы толық анықталған кезде біз бұл қаржыны қайтаратынымыз анық”,- деп атап өткен қала басшысы “проблема шын мәнінде бар”, деді.

“Расында да 2003-жылы Алматы әуежайының халықаралық терминалын салу үшін 15 млн. доллар көлемінде вексельдер шығарылған. Вексельдер еліміздің заңын бұза отырып шығарылған. Бірақ бұл вексельдер халықаралық стандарттарға сай болғандықтан, қала бұл міндеттемеден бас тартпайды”,- деді И.Тасмағамбетов.

“Қазіргі жағдаймен біздің қолымызда алғашқы құжаттар жоқ. Қаланың құпия шешімі шығарылп, құпия қаулы қабылданған. Қазақстан заңнамасының қандай таптары бұзылғанына байланысты барлық мәселелер шешілмейінше, міндеттемеге қатысты барлық мәселелер айқындалмайынша, біз берешекті қайтару жөніндегі міндеттемені, әрине, өз мойнымызға ала алмаймыз”,- деді әкім. “Қарызды қайтаратынымыз айдан анық”,- деп қайталады әкім.

Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметінің нақтылауынша, “2003-жылдың 11-желтоқсанында Алматы қаласының әкімі номиналдық құны 1 млн. доллар болып табылатын 15 вексельді жалпы 15 млн. долларға 2005-жылдың 12-желтоқсанында қайтару шартымен шығарған. Қазіргі жағдаймен вексельдерді Depfa-bank иемденеді”.
“Алматы қалалық әкімшілігі төлемдік қабілеті бар құрылым және ол өзінің қаржылық міндеттемелері бойынша жауап бере алады“,- деп хабарлайды әкімшілік. “Қазір ҚР қаржы министрлігі арнайы тексеру жүргізуде. Нақты шешім сол тексерудің қорытындысы бойынша қабылданып, Алматы қалалық әкімшілігінің болашақ іс-әрекеттерінің алгоритмі айқындалады”,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Лондондағы Англияның коммерциялық сотында Алматы қалалық әкімшілігінің “Депфа банкке” 15 млн. доллар көлеміндегі берешегіне қатысты алғашқы тыңдау 29-маусымға белгіленген болатын. Алайда, И.Тасмағамбетовтың хабарлауынша, бұл іс бойынша сот мәжілісі әлі басталған жоқ. ҚР қаржы министрлігіндегілер бұл дерек бойынша арнаулы тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мекеме төрайымы Наталья Коржованың тапсырмасымен тексерулер қорытындысы 2006-жылдың 3-шілдесіне дейін таныстырылуға тиіс.

Сонымен бірге бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, былтырғы мамыр айында Алматы қалалық әкімшілігі мен Depfa-bank қалада жолаушы тасымалының жүрдек жүйесін құру туралы 2010-жылға дейінгі меморандумға қол қойған.

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Depfa-bankінің қаржысына және соның басқаруымен әкімшіліктің қарамағында болатын кәсіпорын құрылады, деді сол кезде И.Тасмағамбетов. Жүйенің алғашқы кезегі 2007 — жылы пайдалануға беріледі деп межеленген. Жұмсалған қаржыны қайтару үшін Depfa-bankі кәсіпорынды 12 жыл бойы басқармақ.

Қаржы жинау тиімділігін арттыру үшін біртұтас электронды диспетчерлік жүйе құрылады, ол Алматыдағы жолаушылар тасқынының өзгерісіне шұғыл жауап беретін болады, деді И.Тасмағамбетов. Қала әкімінің айтуынша, бұл жоба мемлекеттің кепілдігінсіз жүзеге асырылады және оған мемлекет қоржынынан қаржы жұмсалмайды.

Перейти к новостям спорта