Алматы қалалық әкімшілігі кедендік бақылау департаментінің ғимаратын салуға арнап жер телімін бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық әкімшілігі кедендік бақылау департаментінің ғимаратын салуға арнап жер телімін бөлді

Алматы қалалық әкімшілігі кедендік бақылау департаментінің ғимаратын салуға арнап жер телімін бөлді

Алматы қалалық әкімшілігі ҚР Кедендік бақылау агенттігіне кедендік бақылау департаментінің ғимаратын салуға арнап жер телімін бөлді. Бұл туралы ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы Бердібек Сапарбаев бүгін, 23-қаңтарда Алматыда кедендік бақылау департаментінің кеңейтілген алқа мәжілісінде хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қазіргі жағдаймен оңтүстік астананың кедендік департаментінде ғана өзіне тиесілі баспанасы жоқ. Соның салдарынан кедендік бақылау департаментінің басшылығы атына сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылардан кедендік процедураларды өткізу барысындағы таршылық пен қолайсыздықтар туралы арыз-шағымдар көптеп келіп түсуде. Ал еліміз бойынша сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушы 40 мың адамның 12 мыңы Алматыда тұрады.

2003-жыл қорытындысы бойынша Алматы қалалық кедендік бақылау департаменті 54 млрд. теңге немесе жалпы ҚР Кедендік бақылау агенттігі жинаған алымдардың 37 проценті мөлшерінде кедендік алымдарды жинады. Еліміз бойынша тауар айналымында Алматы қаласының үлесі 27 процентті құрады.
Б.Сапарбаевтың хабарлауынша, кедендік бақылау департаментінің ғимаратын салу жұмыстары 2004-жылы басталып, 2005-жылдың соңы мен 2006-жылдың аяғында бітеді. Ғимарат құрылысы 1 млрд. теңгеге салынады деп межеленуде.
Бұл ғимаратта Алматы қалалық кедендік бақылау департаменті ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Орталық Азия елдері кедендік қызмет саласы мамандарын дайындауға арналған ҚР Кедендік бақылау агенттігінің оқыту орталығы орналасатын болады,- деді Б.Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар