Жолаушы тасымалының жаңа жүйесі қазіргі заманғы қолайлы BRD-троллейбустары мен метро және трамвай поездарына, жаңадан салынып жатқан Алматы метросының мүмкіндіктеріне негізделетін болады, деп мәлімдеді өз хабарламасында қалалық әкімшіліктің жолаушы тасымалы және коммуникациялар департаментінің директоры Мәулен Мұқашев. Жаңа бағыттар қаладағы басты магистральдар арқылы жүретін болғандықтан, жалпы жолаушылар тасқынынан ажыратылады.
10 жылға есептелген жоба аяқталар тұста жаңа трамвай бағыттарының ұзындығы 100 шақырымды, ал троллейбус бағыттарының ұзындығы 75 шақырымды құрайды.
Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Depfa-bankінің қаржысына және соның басқаруымен әкімшіліктің қарамағында болатын кәсіпорын құрылады, деді И.Тасмағамбетов. Жүйенің алғашқы кезегі 2007 — жылы пайдалануға беріледі. Жұмсалған қаржыны қайтару үшін Depfa-bankі кәсіпорынды 12 жыл бойы басқармақ. Жүрдек жүйе бағыттарының жолақысы 50 теңге болады деп күтілуде.
Қаржы жинау тиімділігін арттыру үшін біртұтас электронды диспетчерлік жүйе құрылады, ол Алматыдағы жолаушылар тасқынының өзгерісіне шұғыл жауап беретін болады, деді И.Тасмағамбетов. Қала әкімінің айтуынша, бұл жоба мемлекеттің кепілдігінсіз жүзеге асырылады және оған мемлекет қоржынынан қаржы жұмсалмайды.