Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы қалалық әкімшілігі 2003-жылдан бері метро құрылысын салып бітіру және бір рельсті жол тарту жобасы бойынша АҚШ-тың ІСС компаниясымен жұмыс істеп жатыр. Жобаға сәйкес қаланың көлік ең көп жүретін Абай, Фурманов және Төле би көшелерін бойлай метроның 8,4 шақырымдық бірінші желісі мен бір рельсті шойын жолдың 47 шақырымы тартылады. Қазір ІСС компаниясы концессия туралы келісім-шарттың жобасын әзірлеп, Алматы қаласының басшылығына таныстырды. Жоба құны 1 млрд. долларға бағаланған.
В.Сухоруковтың айтуынша, Медеу кешеніне дейін трамвай желісін тарту жобасының техникалық құжаттары жасалып бітті. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Францияның Lohr industrie компаниясымен бірлесе отырып желіні тарту туралы ниет хаттамасына 2003-жылдың қазан айында қол қойған. Бүгінде француз компаниясы жобаны қаржыландыру мүмкіндіктері туралы Жапонияның қаржылық институттарымен келіссөздер жүргізуде.